Ел тынысы

“Таза Қазақстан”: 17 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

“Таза Қазақстан” акциясы аясында 17 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Акция аясында Астана қаласының Полиция департаменті қоршаған ортаны абаттандыру, жалпы пайдалану орындарын ластау ережелерін бұзудың алдын алу бойынша іс-шараларды жүйелі түрде жүргізіп жатыр.

Атап айтқанда акция басталғалы полицейлер 17 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған. Оның ішінде абаттандыру ережелерін бұзу – 7 007, қоғамдық орындарды ластау – 3 695, жолдың жүру бөлігін ластау – 533, төгілетін жүктерді арнайы ыдыссыз тасымалдау, оқылмайтын мемлекеттік тіркеу нөмірлері – 5 780 болған.

Іс-шараның мақсаты – қоғамда кез келген заң бұзушылықтарға “мүлдем төзбеушілікті” қалыптастыру.

Рұқсат етілмеген үйінділердің пайда болуына бейім орындарда күнделікті рейдтер жүргізіліп, белгісіз орындарға қоқыс түсіретін және ағынды суларды ағызатын тұлғаларды анықтау бойынша мақсатты жұмыстар жасалып жатыр. Жыл басынан бері қоқыс түсірген 144 жүргізуші жауапкершілікке тартылған.

Астана қалалық полиция департаменті барша қала тұрғындарын қоршаған ортаға немқұрайлы қарамауға, елорданы көркейтуге өз үлестерін қосуға шақырады. Белгісіз орындарға қоқыс төгу, құрылыс немесе басқа да қалдықтарды сақтағандарды көрген болсаңыз, дереу 102 арнасына хабарлаңыз.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button