Ел тынысы

«Таза Қазақстан»: елорда тұрғындарын экологиялық тазалыққа атсалысуға шақырды

«Таза Қазақстан» экоакциясы аясында жастар еңбек жасағы елорда тұрғындарын экологиялық тазалыққа атсалысуға шақырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Жасыл Ел» белсенділері елорда тұрғындарын «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» акциясына қатысуға шақыра отырып, теплоходқа жалаулар іліп қойды.

Кезекті экологиялық акция Сарыарқа ауданының аумағында өтті. Оған «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағының белсенділері қатысты.

«Бұған дейін «Жасыл Ел» еңбек жасақтары Есіл өзенінің жағасын тазартты. Акцияның жалғасы ретінде қала жастарымен бірлесіп, теплоходқа жалаушалар іліп, елорда тұрғындары мен қонақтарын экологиялық тазалыққа қатысуға шақырамыз. Жас ұрпаққа табиғатты қорғау және тәртіпті сақтау қажет екенін түсіндіру қажет», – деді Астана мәслихатының депутаты Арсланбек Мағзұм.

Айта кету керек, экоакциялар қаланың барлық ауданында тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Белсенділердің бірі бұл акция тәрбиелік сипатқа ие екенін атап өтті.

«Мен үш жыл бойы белсенді қызметпен айналыстым. Бүгінгі таңда елорданың жас тұрғыны ретінде шет қалған жоқпыр және ауқымды экологиялық акцияны өз тарапымнан қолдадым. Еліміздің барлық азаматын іс-шараға қатысуға шақырғым келеді, өйткені акция тәрбиелік маңызы зор», – деді «Жастар Рухы» жастар қанатының белсендісі Дидар Құрман.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button