Ел тынысы

Түрікменстанның мәдениет күндері өтіп жатыр

Астана қаласындағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында Түрікменстан өнерпаздарының Гала-концерті өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Сахнада Түрікменстанның халық әртістері, еңбек сіңірген қайраткерлері, сондай-ақ республикалық және халықтық байқаулардың жеңімпаздары өнер көрсетті. Олар танымал эстрадалық әндер мен халық композиторларының шығармаларын орындады.

Салтанатты шараға мемлекеттік органдар, шығармашылық және ғылым саласындағы зиялы қауым өкілдері, екі елдің қоғам қайраткерлері қатысты.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ербол Әліқұлов өз сөзінде мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық екі ел арасындағы байланыстырушы көпір екенін және достық пен тату көршіліктің ғасырлар бойғы байланысын сақтауға ықпал ететінін атап өтті.

Концерт аясында театр фойесінде Түрікменстанның халықтық қолданбалы өнері мен мұражайындағы құнды жәдігерлер көрмесі өтті.

Айта кетейік, іс-шара Қазақстандағы Түрікменстанның мәдениет күндері аясында өтті.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button