Ел тынысы

Түрікменстанның мәдениет күндерінің жабылуы өтті

Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ ұлттық музыкалық драма театрында Түрікменстанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің жабылуы аясында екі ел өнерпаздарының қатысуымен Гала-концерт өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, шығармашылық және ғылым саласының зиялы қауым өкілдері, екі елдің қоғам қайраткерлері қатысты.

Мерекелік концертте Қазақстан мен Түрікменстанның халық әртістері мен еңбек сіңірген қайраткерлері, сондай-ақ республикалық және халықтық байқаулардың жеңімпаздары өнер көрсетті.

Шығармашылық ұжымдар танымал эстрадалық әндер мен халық композиторларының шығармаларын орындады.

Естеріңізге сала кетейік, 24-27 маусым аралығында Астанада Түрікменстанның мәдениет күндері өтті. Іс-шара аясында елорда тұрғындары мен қонақтары Түрікменстан Республикасы мәдениет қайраткерлерінің көрмелерін, фильмдерін, спектакльдерін, сондай-ақ шығармашылық қойылымдарын тамашалады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button