Мәдениет

Түрлі дәуір әуендері әуеледі

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті квартеті «Астана Опера» театрының К.Байсейітова атындағы камералық залында камералық музыка кешін ұсынды.

Аталмыш өнер ұжымы 1988 жылы ҚазКСР Халық әртісі, көрнекті композитор Ғазиза Жұбанованың бастамасымен құрылғаны мәлім. Квартетке кейіннен атақты композитордың аты берілді. Қырық жылға жуық тарихында ұжым талай табыстарға қол жеткізді. Квартеттің репертуарында орыс және шетел классиктерінің көптеген шығармалары, заманауи музыканың озық үлгілері бар.

Ал «Өткен ғасырлар кумирлері» атауын алған концертте түрлі дәуірлердің квартеттік музыкасы ұсынылды. Атап айтқанда, Йозеф Гайдн, Феликс Мендельсон, Дмитрий Шостакович сынды классик композиторлардың музыкасы әуеледі. Белгілі күйші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ермұрат Үсенов Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті квартетке арнайы күй атасы Құрманғазының «Төремұрат» күйін өңдеді. Бұл туынды да орындалды.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button