Мәслихат

Түзетулерді талқылайды

Алдағы екі аптада елордалық мәслихаттың тұрақты комиссиялары сенатор Бибігүл Жексенбаймен бірлесіп жергілікті басқару туралы Заңға енгізілетін түзетулерді талқылайды. Бұл туралы Астана мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов мәлім етті.

«Мәслихат депутаттарынан атынан қолданыстағы заңға бірқатар өзгерістер әзірленді. Талқыланатын мәселелердің бірі – алкоголь өнімдерін онлайн сату, басқаша айтқанда, егер сауда орындарында сату уақыты мен жасына байланысты цензура бойынша шектеулер болса, әлеуметтік желілерде  кәмелетке толмағандардың сайттың пайдалануына мониторинг жүргізілмейді.

Бүгінде заң шығару процесінің барлық қатысушыларымен өзара іс-қимыл тетігін жетілдіру, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдерін кеңінен тарту үшін мәслихат депутаттарының заң шығару қызметіне қатысуын қамтамасыз ету қажет. Осыған байланысты Мәжіліс пен Парламент Сенатының жұмыс топтарының құрамына мәслихат депутаттарын қосуды және өзекті мәселелерді шешу үшін айына немесе тоқсанына бір рет жұмыс тәртібімен кездесулер өткізуді ұсындым. Бұл жағдайда мәслихат депутаттары өз сайлаушыларының құқықтық мәселелерін Парламент деңгейінде іске асырад» деп жазды Е. Каналимов әлеуметтік желідегі парақшасында..

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button