Ел тынысы

Тұңғыш «Дәрігер-TALKS» өтті

Ел тарихында тұңғыш рет UMC медицина мектебінде Amanat
партиясының Төрағасы, Парламент Мәжілісінің спикері Ерлан Қошановтың, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың қатысуымен ҚР медицина қызметкерлері күніне орайластырылған «Дәрігер-Talks» кейс-платформасы өтті. Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов мәлім етті.

«Дәрігер-Talks» медицина және медициналық көмек көрсету саласындағы жұмысқа байланыс­ты жеке оң тарихы бар еліміздің түкпір-түкпірінен келген медицина қызметкерлері арасынан қатысушыларды іріктеу жолымен өтті. Медицина қызметкерлерінен басқа, кейс-платформада спикерлер ретінде медицина қызметкерлеріне шын жүректен алғыс пен шабыт білдірген емделушілер сөз сөйледі. Ал кәсіби мереке құрметіне ерекше көзге түскен медицина қызметкерлері партиялық және ведомстволық наградалармен, сондай-ақ «Мейірім жүректен» төсбелгілерімен марапатталды. Бұл басқосу жыл сайын өтеді» деп жазды Е.Каналимов әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button