Ел тынысы

Тұран даңғылы бойынша қозғалысты ұйымдастыру уақытша өзгерді



Тұран даңғылы бойынша қозғалысты ұйымдастыру уақытша өзгерді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, Бұқар жырау көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскеде Тұран даңғылының бойындағы бұрын жабылған учаске, сондай-ақ Ұлы Дала даңғылынан Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі учаске әуежайдан қалаға қарай ашық.

Осы жылдың 23-25 мамыр аралығында Тұран даңғылының екінші жағы Хусейн бен Талал көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскеде қала жағынан әуежайға қарай жабылады.

Бұл ретте Тұран даңғылы-Хусейн бен Талал көшесі мен Тұран даңғылы-Ұлы Дала даңғылының қиылысы ашылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды және өз бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button