Ел тынысы

Тұран даңғылының учаскесі жөндеуге жабылады



Тұран даңғылының учаскесі жөндеуге жабылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ-нің мәліметінше, Тұран даңғылы бойынша Хусейн бен Талал көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскедегі әуежай бағытынан қала бағытына қарай жұмыстар ауа райының қолайсыздығына байланысты тоқтатылды. Ағымдағы жылдың 24 мамырынан бастап аталған жол учаскесі ашылды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 28-30 мамыр аралығында Тұран даңғылы бойынша Хусейн бен Талал көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскеде және Ұлы Дала даңғылынан Сығанақ көшесіне дейінгі учаскеде жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу үшін Тұран даңғылын жабу жоспарланып отырғанын хабарлаймыз. Бұл ретте Тұран/Ұлы Дала қиылысы ашық болады.

Астана тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button