МәслихатМемлекеттік сыйлыққа ұсынылған

Тұрғын үй жағдайымен танысты

Астана қаласы мәслихатының депутаты Салтанат Женалаеваға А.Пушкин көшесі, 3/1 мекенжайындағы тұрғын үй жағдайына қатысты өтініш түсті. Депутат тұрғындармен кездесіп, өткен ғасырдың 60-жылдары салынған тұрғын үйдің мәселелерімен танысты.

«Бұл үй бірде-бір рет күрделі жөндеуден өтпеді. Шатыры мен жертөледегі коммуникациялармен проблемалар бар. Ғимараттың қасбеті де ерекше назар аударуды қажет етеді. Аулада абаттандыру жұмыстары жүргізілді, бірақ тұрғындардың бұған қатысты сұрақтары бар» деді депутат.

Оның айтуынша,  ол барлық проблемалармен танысып, жақын арада осы үй тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін тиісті аудан әкімдігінің алдында мәселе көтереді.

Депутат сондай-ақ ПИК және МИБ жұмысына қатысты пікір білдірді.

«Елорда мәслихатының депутаты ретінде жетінші сайлау округінің МИБ және ПИК басшыларымен үнемі байланыс ұстаймын. Тұрақты негіздегі кездесулер мен бірлескен көшпелі кеңестер – біздің жұмысымыздың ажырамас бөлігі. Бұл жұмыс бізге туындаған мәселелерді жедел шешуге, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. МИБ және ПИК төрағалары күнде түрлі мәселелерге тап болып, үлкен жұмыс атқарып отыр. Олардың күш-жігері мен істерін беріле орындауының арқасында біз үнемі өзекті мәселелерден хабардар болып, оларды шешуде жедел қимылдай аламыз. МИБ және ПИК басшылары тұрғындардың берекелі өмірі мен жайлы тұрмысын қамтамасыз етуде негізгі буын болып саналады» деді депутат.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button