Ел тынысы

Тұтынушылардың құқын қорғау ұдайы назарда

Жыл басынан бері тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 208 әкімішілік шара қолданылған. Оның ішінде 175 адамға «Ескерту» берілсе, 33 адамға 2,5 млн теңгеге айыппұл салынған, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Бұл туралы Астана қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің жарты жылдық жұмыс қорытындысы туралы брифингте айтылды.

Былтырғы 15 наурызынан бастап «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды. Осыған орай Департамент әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға міндетті. Бұл тұтынушылардың заңды ұстанымдарын қорғауға мүмкіндік береді.

Жыл басынан бері 208 әкімішілік шара қолданылған болса, оның ішінде 175 адамға «Ескерту» беріліп, 33 адамға 2,5 млн теңгеге айыппұл салынған.

«Қырағы сатып алушылардың өтініші негізінде 13 кәсіпкер ҚР сауда қызметін реттеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінінің 193-бабының 4-бөлігімен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 6, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 10, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 30 айлық есептік көрсеткіште айыппұл салынған. Айыппұлдың жалпы сомасы 354,4 мың теңгені құрады. Ал әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қаталанса, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 65, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 100, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатын болады. Қазір департамент осындай 3 материалды қарауда», – деді Астана қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Ғалымжан Ильясов.

Оның айтуынша, биыл тұтынушылар тарапынан департаментке 2 477 өтініш келіп түскен. «E-otinish» платформасы және электрондық үкімет порталы арқылы – 1 860 өтінішпен жүгінген. Оның ішіңде 1 274 тұтынушыға жауап беріліп, 291 өтініш құзыреті бойынша басқа мемлекеттік органға жіберілді. Ал 295 тұтынушының мәселесі шешім тапқан. Тұтынушыларға ақшалай қаражатты қайтару сомасы – 150 млн теңгені құрады. Сондай-ақ, «Telegram Bot» арқылы 130 өтініш келіп түскен. Департамент азаматтарды жеке қабылдау барысында 265 тұтынушының мәселесін тыңдап, жедел желі телефонына 222 тұтынушыдан түскен әрбір сұраққа заңға сәйкес кеңестер берген.

«Сонымен қатар Астана қаласының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Қазақстанға келіп жатқан соңғы үлгідегі шетелдік автокөліктерге келіп түскен өтініштер бойынша үшінші тұлға ретінде азаматтық соттарға қатысып, құны 46,4 млн теңге сомасындағы 4 автокөлікті тұтынушыларға өндіріп берген. Сатушының (дайындаушының, орындаушының), тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуын жою туралы шағымға 10 күнтізбелік күн ішінде жазбаша жауап бермегені үшін 66 кәсіпкер «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 64 кәсіпкерге «Ескерту» берілсе, 2 кәсіпкерге айыппұл салынған», – деді Департамент басшысының орынбасары.

Тұтынушылардың құқықтарын сақтау және ішкі сауда саласындағы бақылау мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және тұтынушылардың бірлескен жұмысы жағдайында тиімді жүзеге асады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button