Мәдениет

Туған жер әуендері

«Атамекен» Қазақстан картасы» этномемориалды кешенінде Астана қаласы әкімдігіне ­қарасты Есіл ауданы бойынша белсенді ұзақ өмір сүру орталығы өнер ұжымдарының «Туған жер әуендері» атты концерті өтті.

Концертте «Асыл мұра» домбырашылар ансамблі, «Сағыныш сазы» ұлттық вокалдық ансамбль, «Арқа әуендері» халық ансамблі, «Қазына» салт-дәстүрлерді дәріптеу ансамблі өнер көрсетті. Әндер Болат Әнет, Рахила Әбдікәрімова, Зағипа Жаналиева, Гүлшат Әлі, Шәрбат Құрманова, Жанарбек Ескендіров сынды өнерпаздардың орындауында ұсынылды. Сонымен қатар орталықтың қызмет алушылары белсенді айналысатын айкүне, йога, цигун сынды спорттық және емдік жаттығулар көрсетілді. Күй атасы – Құрманғазының «Балбырауын» күйімен ашылған концертте Ескендір Хасанғалиевтің «Айналдым, елім», «Боз­торғайым», Марат Омаровтың «Арман қала – Астана» және «Күн дидарлы Қазақстан», «Қазақстан – Астана» секілді Отан, туған жер туралы әндермен қатар лирикалық туындылар әуеледі.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button