Мәслихат

Туристік нысандарды аралады

Жуырда Астана қаласы мәслихатының отырысында елордада туризмді дамыту мәселелері қаралады. Соның қарсаңында мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов бастаған бір топ депутат бас қаланың туристік нысандарын аралап, бірнеше көшпелі кеңес өткізді.

Мәслихат төрағасының айтуынша, депутаттар өзін нағыз турист сезіну үшін туристік автобусқа мінді. Оның мәліметінше, өткен жылдың қорытындысы бойынша елордада турис­тер саны 2022 жылмен салыс­тырғанда 12%-ға артып, 1,3 млн адамнан асты. Ал жалпы бас қалада 70 ірі туристік нысан бар. Бұл қатарда театрлар, мұражайлар, саябақтар, 2 мыңнан астам қоғамдық тамақтандыру нысаны, 2 ақпараттық туристік дүңгіршек бар.

«Елорда туризмін дамыту үшін медициналық туризм пайда болды. Дәретханалардың, автотұрақтардың болмауы және тапшылығы, іргелес аумақтың дұрыс абаттандырылмауы және көгалдандырылмауы, басқа да барлық мәселелерді жақын арада талқылаймыз» деді Ерлан ­Каналимов.

Кеше мәслихат депутаттарының туристік нысандарды аралауы жалғасты. Соның ішінде олар елорданың әуе қақпасы, халықаралық әуежайдан бастап, бірнеше қонақ үй мен емханаға, «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенге барды. Бұл жөнінде толығырақ газетіміздің келесі нөмірінен оқисыздар.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button