Елорда тынысы

Үйлесім мерекесі

Биыл әлем тарихында Халықаралық йога күнін оныншы рет атап өтуде. Йога – бұл сана мен дененің үйлесімі, ой мен әрекет арасындағы тепе-теңдікке, деннің саулығына бастайтын ежелгі тәжірибе. Осы мерекеге орай, Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайының алдындағы алаңда бұқараға арналған ашық жаттығу өтті.

Үндістанның Қазақстандағы елшілігі жанындағы Yoga family Astana және Свами Вивекананда атындағы мәдени орталығы ұйымдастырған іс-шара  қала әкімдігі тарапынан қолдауға ие болды.

«Егер сіз денсаулығыңыз үшін не істеу керектігін білмесеңіз, йогамен айналысыңыз. Бұл сіздің бұлшық еттеріңізді ширатып, деніңізді саулығын жақсартып, стреске төзімді етеді. Ең бастысы, тыныс алу жүйе­сіне ерекше назар аударыңыз, өйткені тыныс алу тамақ пен судан да маңызды» деді іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі Раманатхан Сундарапандиан.

Елордада жүзден астам йога орталықтары бар, мыңдаған астаналықтар әлеммен және табиғатпен үйлесімділік сезімін ашуға бағыттайтын жаттығулар кешенін игеріп, жан дүниесінің үйлесіміне қол жеткізуде. Сол себепті де Йога күніне арналған шараға келушілердің қатары көп болды. Йога шеберлері бұл әдісті игеру үшін  жас мөлшері де, шеберлік деңгейі де маңызды емес деп санайды. Өйткені бұл жасы үлкенге де, кішіге де бірдей пайдалы.

«Ниет білдіргендердің бәрі жиналды. Басында «сурья-намаскар» жаттығулар кешенінің 108 айналымы өткізілді, одан кейін түрлі іс-шаралар мен қойылымдар өз дәрежесінде өтті» деді йога жаттықтырушысы Айжан.

Қатарынан бірнеше жылдан бері өткізіліп келе жатқан мерекені елордалықтар жылы қабылдады.

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button