Ел тынысы

Үш мегаполисте алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 30 маусым мен 2 шілде аралығында Қазақстанның үш мегаполисі: Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Астана

30 маусым: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Желдің жылдамдығы – 9-14 м/с, таңертең және түстен кейінгі екпіні – 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +15…+17°C, күндіз: +26…+28°C.

1 шілде: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Түнде соққан желдің жылдамдығы – 9-14 м/с, кей тұста – 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +13…+15°C, күндіз: +23…+25°C.

2 шілде: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Желдің жылдамдығы – 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: +12…+14°C, күндіз: +21…+23°C.

Алматы

30 маусым: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел жоқ. Ауа температурасы түнде: +10…+12°C, күндіз: +23…+25°C.

1 шілде: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы – 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні – 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +20…+22°C, күндіз: +30…+32°C.

2 шілде: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Желдің жылдамдығы – 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні – 18 м/с. Ауа температурасы түнде: +18…+20°C, күндіз: +24…+26°C.

Шымкент

30 маусым: аспан бұлтты күн райы жауын-шашынсыз, жел жоқ. Ауа температурасы түнде: +20…+22°C, күндіз: +26…+28°C.

1 шілде: аспан бұлтты күн райы жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы – 8-13 м/с, күндізгі екпіні – 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +19…+21°C, күндіз: +30…+32°C.

2 шілде: аспан бұлтты күн райы жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы – 8-13 м/с, күндізгі екпіні – 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +16…+18°C, күндіз: +28…+30°C.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button