Ел тынысы

Үздік университет түлектерін ұшырды

 Жастарға әлемдік жоғары сапалы біліммен сусындатып отырған білім ошақтарының бірі – Maqsut Narikbayev University-інде жуырда түлектерінің бітіру кеші өтті.

Биылғы жылы оқуды 694 студент тәмамдады, ал оның 39-ы – шетелдік студент. Осы оқу жылында MNU студенттері QAA арқылы аккредиттелген, яғни Ұлыбританияның жоғары білім беру сапасының стандарттарына сәйкес келетін дипломдарын қолдарына алды. Мереке дәстүрлі түрде университеттің орталық Фемида алаңында өтті. MNU Провосты Сергей Пен бірінші кезекте сөз алып, түлектерді университетті аяқтауымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. – Бүгін әрбіріңіздің жаһанды жақсартуға атсалыса алатындығыңызға кепіл болатын дипломдарыңызды қолдарыңызға аласыздар. Қазіргі таңда әлем тұрғындарының саны 8 миллиард болса, сіздер солардың ішіндегі – 694 жүйрігісіздер. Себебі сіздер – MNU түлектерісіздер. Біз баршаңызға сенім артып отырмыз, ал жетістіктеріңіз жақындарыңызға, біздің университетке мақтаныш болатыны анық. Өмірлік және кәсіби жолда даналық пен абырой биігіне көтеріліңіздер, – деді Сергей Пен. Сондай-ақ MNU студенттері бар ықыласпен Отан үшін еңбектенуге, патриотизм, адалдық пен әділдікті алға тартуға ант берді. Дәстүр бойынша Фемида мүсінінің жанындағы Орталық алаңға «жұлдыз» қойылып, бұл түлектер буыны университет тарихына енді. Іс-шараға қатысқан  Парламент Мәжілісінің депутаты Айдарбек Ходжаназаров құттықтау сөз сөйледі. -Сіздер үздік университеттің шәкіртісіздер! Егер сіз өз ортаңыздың ең ақылдысы болып көрінсеңіз, демек, қоршаған қауымыңызды өзгертуіңіз керек. Әрдайым өзіңізден әлдеқайда ақылды, тәжірибелі адамдармен сөйлесіңіз. Баршаңызға бақыт тілеймін. Бұл жаһан қанша кең көрінгенімен, сіздер алар асу алда!,- деді халық қалаулысы.

Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button