Ел тынысы

«Ұлттың Ұлы тұлғасы» – Әлихан Бөкейхан



Астана қаласында кеше 8-10 сынып оқушылары арасында Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханға арналған «Ұлттың Ұлы тұлғасы» атты қалалық байқау өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Іс-шараны қала әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Әлихан Бөкейхан атындағы Binom school мектеп-лицейімен бірлесе ұйымдастырды. Байқау көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, әмбебап ғалым Ә.Бөкейханның құнды мұраларын дəріптеп, халық үшін атқарған қызметін насихаттау мақсатына арналған.

Байқаудың ашылу салтанатында Әлихан Бөкейхан атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейімен директоры Б.А.Туленов, «Астана дарыны» орталығының директоры Ж.М. Бейсенбаева, әлихантанушы-ғалым, халықаралық журналист, ф. ғ. к., PhD, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры С.А.Жүсіп, алаштанушы, тарихшы, Алаш зиялысы Қошке Кемеңгерұлының шөбересі, қазақтың белгілі қаламгері, ғалым, ф.ғ.к., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының доценті Қ. Р. Кемеңгер, мемлекет тарихы институтының деректану, тарихнама және Отан тарихы бөлімінің басшысы, п. ғ. к., тарихшы Ж. Нұрмақұлы қатысушыларды құттықтап, оларға сәттілік тіледі.

Аталған іс-шарада Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Көркем академиясының корреспондент-мүшесі Сырғабаев Алмас Болатханұлының «Алаштың Әлиханы» көрмесі ұйымдастырылып, «Әлихан әлемі» кабинетінің салтанатты ашылуы болды. Қатысушылардың жетекшілері сынып сағаттары, READ x жобасына қатысты.
4 номинация бойынша өткен байқауға елорда білім беру мекемелерінен 164 оқушы қатысты. Олар – «Ә.Бөкейхан – ұлт жанашыры» эссе жазу номинациясы – 65, «Ұлт көсемі – Әлихан» жас ақындар номинациясы – 30, «Алаштың Әлиханы» буктрейлер номинациясы» – 37, «Әлихан жүрген ізбенен» комикстер номинациясы – 32 оқушы.

«Ә.Бөкейхан – ұлт жанашыры» номинациясында қатысушының теориялық білімін, шығармашылық қабілетін тексеру мақсатында арнайы дайындалған 3 тақырыпта эссе жазып төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді:

І орын – №7 МГ, №19 ОМ, №51 МГ, №76 МЛ, Alpamys School; ІІ орын – №4 Л, №9 МЛ, №50 МЛ, №56 МЛ, №59 МЛ; ІІІ орын – №5Г, №26 МГ, №31 МГ, №38 МЛ, №57 ОМ, №64 МЛ, №68 МГ, №78 МГ, №79 МЛ, №83 МГ, №87 МГ, №88 МЛ, №92 МЛ, Ә.Бөкейхан ат. BINOM SCHOOL МЛ, Қ.Сәтбаев ат. BINOM SCHOOL МЛ;

«Ұлт көсемі – Әлихан» жас ақындар номинациясында қатысушылар ұсынылған тірек сөздерді қамтып 4 шумақтан кем емес өлең жазды, нәтижесінде:

І орын – №87 МГ; ІІ орын – №51 МГ, №78 МГ, Қ.Сәтбаев ат. BINOM SCHOOL МЛ, БИЛ қ.; ІІІ орын – №71 МЛ, №79 МЛ, №92 МЛ, №26 МГ, №42 ОМ;

«Алаштың Әлиханы» буктрейлер номинациясында қазылар алқасы буктрейлер жасаудағы шығармашылық көзқарасқа, безендіру эстетикасына, дыбыстық сүйемелдеу мен кітап мазмұнын үйлестірудің органикалығына, эмоционалдық әсеріне ерекше назар аударды:

І орын – №87 МГ, №48 МЛ; ІІ орын – Қ.Сәтбаев ат. BINOM SCHOOL МЛ, №83 МГ, Қ.Мұнайтпасов атындағы ОРРММИК; ІІІ орын – Ә. Бөкейхан ат. BINOM SCHOOL МЛ, №26 МГ, №38 МЛ, №63 МГ, №72 МЛ, №79 МЛ, №24 ОМ, №32 МГ, №80 МГ;

«Әлихан жүрген ізбенен» комикстер номинациясында қатысушылар тарихи тұлғаның балалық шағынан ұлт көсеміне дейінгі тағылымды ғұмырын, Алаш тарихын әдебиет пен бейнелеу өнеріне тоғыстыра баяндаған сюжетті иллюстрациялар қорғады:

І орын – №61 ОМ, №74 МГ, №87 МГ; ІІ орын – №84 МЛ, №85 МЛ, Ә.Кекілбаев ат. BINOM SCHOOL МЛ; ІІІ орын – №7 МГ, №26 МГ, №35 МЛ, №48 МЛ, №58 МГ, №62 МЛ, №96 МГ, Ә. Бөкейхан ат. BINOM SCHOOL МЛ, «NURORDA» МЛ.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button