Мәдениет

Ұлттық ойын – ұлт қазынасы

Елорданың «Ататүрік» саябағында «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» атты сайыс өтті.

Дода Әкелер күні мерекесі аясында Байқоңыр ауданының әкелері мен балаларының қатысумен ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – қазақтың ұлттық ойындарын ойнай отырып, отбасы институтын нығайту, отбасындағы әке рөлінің маңызын көрсету, отбасы құндылығын дәріптеу, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты күшейту. Отбасы жарысында қазақтың арқан тарту, бес тас, асық ату, тоғызқұмалақ, ләңгі тебу сынды ұлттық ойындарынан жарыс өтті. Қорытындысында бас жүлдені Айдар Шонаев пен баласы Таңатқан Нұрислам жеңіп алды.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button