Ел тынысы

Ұлы Дала даңғылының учаскесі жөндеуге уақытша жабылады

Ұлы Дала даңғылының учаскесі жөндеуге уақытша жабылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылынан Жошы хан көшесіне дейінгі учаскеде Ұлы Дала даңғылында жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын жүргізуде.  

Осыған байланысты 24-25 маусым күндері жоғарыда аталған учаске толығымен жабылатын болады, оның ішінде Ұлы Дала даңғылы – А.Бөкейхан көшесінің қиылысы.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button