Басты ақпаратЕл тынысы

В.Путин: Тоқаев барлық бағыт бойынша өзара іс-қимылды қолдайды

Бұл туралы Ресей Федерациясының президенті Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы (ПМЭФ) аясында өткен ірі халықаралық ақпараттық агенттіктердің басшыларымен кездесуі барысында мәлімдеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Әңгіме барысында Ресей Президенті қазақстандық журналистердің  Қазақстан мен Ресейдің көрші мемлекеттер ретіндегі қарым-қатынасының болашағы қандай екендігі туралы сұрағына жауап берді.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы, Президент Тоқаевпен үнемі байланыстамыз. Бізде өте мейірімді, сенімді, достық қарым-қатынас қалыптасты», – деп атап өтті Владимир Путин.

«Шынымды айтсам, біздің қарым-қатынасты қандай да бір жолмен қиындатқан ойды көріп тұрған жоқпын. Қытаймен ынтымақтастық туралы айттық, бізде тауар айналымының 90%-ы ұлттық валюталарға тиесілі. Біздің Қазақстанмен қарым-қатынаста да солай болып жатыр. Ол 100%-ға таяп қалды, – деді РФ Президенті гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың жақсы деңгейін атап өте келе.

– Яғни, бізде барлық вектор бойынша өте нәтижелі бірлескен жұмыс жүріп жатыр. Соның ішінде барлық бағыттар бойынша біздің өзара іс-қимылды қолдайтын Президент Тоқаевтың арқасында. Жақында Астанаға барамыз, ШЫҰ саммиті және басқа да іс-шаралар болады. Менің шақыртуым бар, әрине, мен оны қолданамын», – деп түйіндеді Ресей басшысы.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button