Ел тынысы

Зейнеткерлер «Қымызмұрындық» мерекесін атап өтті



Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызмет алушы зейнеткерлері ежелден келе жатқан игі дәстүрлеріміздің бірі – Қымызмұрындық мерекесін атап өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Қымыз мерекесіне Орталық қызметкерлері мен қала зейнеткерлері, «Елорда ақсақалдары кеңесі» Қоғамдық бірлестігінің ардагер ақсақалдары, қала қонақтары жиналды.

Мерекелік іс-шараны Астана қаласы әкімдгінің Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының Сарыарарқа ауданы бойынша басшысы Кенжеболат Бапишев құттықтау сөзбен ашып, жиналғандарды қымызды баптау, қамшы өру жарыстарын, ақ жаулықты әжелердің қол өнер көрмесі мен өнерлі ата-әжелер дайындаған концертті тамашалауға шақырды.

Биші әжелерден құралған «Әдемі дәуір» би тобы «Қымыз құйған ақ білек» биін көрермен назарына ұсынып, жиналғандарға қымыз бен бауырсақ таратылды.
Сарыарқа ауданының көркем өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарлама көрермен көңілінен шықты. Әсіресе, «Ақжаулықты әжелер, Kerbez_modals» тобының, «Гауһартас» би тобының мен Нұрболат Бекетаевтың өнерлері қошеметке ие болды.

Сонымен қатар, қымыз мерекесіне жиналғандарға Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызметкерлері Гүлнәр Шарапиденова мен Фарида Қасенова саумалдың емдік қасиеті мен қымыздың түрлері туралы көптеген пайдалы ақпарат берді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button