Ел тынысы

Жас отбасылар шырша көшеттерін екті



«AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы» жобасы аясында елордалық жас отбасылар Линейный саябағы аумағына шырша көшеттерін екті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Халықаралық отбасы күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға жас кәсіпкерлер, мұғалімдер және дәрігерлер қатысты.

«Мемлекет басшысы қолдау көрсеткен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жай ғана науқандық шара емес. Қаланы таза ұстау, абаттандыру, көшеттер отырғызу сынды экологиялық шаралар жалғасын тауып, әрбір тұрғын игі іске белсенді түрде атсалысады деген үміттемін. Бұл өзімізбен қатар қаламыз бен болашақ ұрпақ үшін де аса маңызды», – деп атап өтті «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек.

Іс-шараға қатысқан Бастауыш партия ұйымдарының мүшелері көшеттерді уақытылы суарып тұруға уәде берді. Сондай-ақ партияластар мұндай экологиялық акция өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, қаланы таза ұстауға ықпал ететініне сенім білдірді.

Халықаралық  отбасы күні – отбасылық құндылықтарды насихаттауға, ұлттық тәрбиенің мәні мен мазмұнын аша түсуге, мейірім мен махаббатқа қанық ұрпақ тәрбиелеуге зор ықпал ететін мереке.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button