Ел тынысы

«Zhas Рroject» жобасымен 280 шағын грант беріледі



Астанада «Zhas Рroject» жобасының нәтижелері туралы өткен жиында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрағасы Лима Диас биыл байқау аясында еліміздің үш қаласы мен 17 облысында 10 үкіметтік емес ұйым әрқайсысына 1 млн теңге көлемінде 280 шағын грант беретінін жеткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Орталықтың cisc.kz ресми сайтында «Zhas Рroject» жеке бөлімі бар. Онда конкурс өтетін аймақтардың тізімі берілген, үкіметтік емес ұйымдардың – яғни конкурсты ұйымдастырушылардың телефондары мен қатысуға өтінім беретін сайттардың мекенжайлары көрсетілген.

«Zhas Project» шағын гранттар конкурсының қорытындысы 15 мамырда жарияланады 2024 жылғы 19 ақпаннан 24 наурызға дейін конкурстың әлеуетті қатысушылары үшін ақпараттық-түсіндіру науқаны өткізіледі. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаровтың мәліметінше, 25 наурызда конкурс басталады.

«24 сәуірге дейін жастардан өтінімдер қабылданады. Ал 25 сәуір мен 14 мамыр аралығында комиссия конкурстық өтінімдерді іріктеу бойынша жұмыстар жүргізеді. 15 мамырда ұйымдастырушының интернет-ресурстары мен әлеуметтік желілерінде іріктеу нәтижелері жарияланады», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар, жобаны сапалы әрі тиімді іске асыру үшін әр өңірде жобалық кеңсе ашылды, онда кеңес алуға ниет білдірушілер жүгіне алады, колл-орталықтар құрылды, жастар жобаларын қабылдау үшін сайттар ашылды.

«Zhas Project» жобасының негізгі мақсаты жастар арасында жобаларды іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру, білім беру және жүргізілетін жұмыстар арқылы NEET санатындағы жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров хабарлады. Биыл «Zhas project» жобасы еліміздің 20 өңірінде іске асырылады.

«Zhas Рroject» жобасы шеңберінде NEET санатынан жергілікті қоғамдастықтардың 18 жастан 35 жасқа дейінгі (34 жасты қоса алғанда) проблемаларын шешуге бағытталған әлеуметтік жобаларға конкурстық негізде 1 000 000 теңгеге дейінгі сомаға шағын гранттар беру көзделген», – деді спикер.

Жобаға қатысушылар ҚР азаматтары, 18 бен 35 жас аралығындағы жастар болуға тиіс. Сондай-ақ өтінім беру сәтінде өңір аумағында тұрақты немесе уақытша тіркелуі керек; өтініш беруші өтінім берген сәтте уақытша тұрақсыз жастар мәртебесінде болуы қажет.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button