Мәслихат

«Жас сарбаз» жұмысымен танысты

Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов бастаған бір топ мәслихат депутаты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығына барды. Депутаттарға «Жас сарбаз» жастар ұйымының астаналық жастар арасында әскери-патриоттық тәрбие беру бойынша іс-шаралар кешені таныстырылды.

Атап айтқанда, мәслихат депутаттары «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігі Астана қалалық филиалының жұмыстарымен және «Jas Sarbaz hub» коворкинг орталығымен танысты.

Мәслихат төрағасының айтуынша, елорданың 60 мектебі мен 20 колледжінде «Жас сарбаз» сыныптары мен клубтары жұмыс істейді. Жыл сайын қозғалыс қатарына мыңнан астам жасөспірім кіреді, ал ұйым құрылған сәттен бастап Астанада 150-ге жуық әскери-патриоттық клубтар мен сыныптар ашылды.

Тәрбиеленушілердің жалпы саны 10 000 адамнан асады. Осы жылы 20-дан астам ірі іс-шараларды іске асыру жоспарлануда.

Жиында «Жас сарбаз» қозғалысын әрі қарай дамыту жөнінде ұсыныстар айтылып, алдағы атқаратын жұмыстар бекітілді. Ерлан Каналимов мәслихаттың бейінді комиссиялары мен жауапты мемлекеттік органдарға «Жас сарбаз» әскери-патриоттық бағытының жобасы шеңберінде жастар арасында әскери-патриоттық тәрбие деңгейін арттыру және балалармен сабақ ұйым­дастыру бойынша бірыңғай кешенді жоспар әзірлеуді тапсырды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button