Білім

Жас ұрпақпен келелі кездесу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында кітап мәселесіне ерекше тоқталды. Президент өз сөзінде: «Шын мәнінде, кітап оқитын ел зия­лы ұлтқа айналады. Біз жас ұрпақтың кітапқа құштарлығын оятуымыз керек» деген еді. Осы бастаманы министрлер мен қос палата депутаттары бірден қолдап, білім ордаларына танымдық-ағартушылық әдебиеттер тарту етіп жатыр.

Астана қаласы технологиялық колледжіне Сенат депуттары, Сенаттың әлеу­меттік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп, жоғары палатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Ғалиасқар Сарыбаев және Сенаттың әлеуметтік жобалар жетекшісі Баян Өмірзаққызы қонақ болды. Сенаторлар оқу орны кітапханасының материалдық-техникалық базасымен және кітап қорымен танысып, кітаптар сыйлады. Білім беру мекемесінің педагогикалық және студенттер құрамымен кездесу өткізді. Студенттердің сауалдарына жауап беріп, сұхбат өрбітті. Кездесуде креативті индустрия, жасанды интеллект және заман өзгерістері туралы келелі әңгіме болды. Сондай-ақ аталмыш оқу орнында Amanat партиясы әйел­дер қанатының бастамасымен «Анаға қарап бой түзеймін» атты іс-шара өтті. Оны ұйымдастыруға Amanat партиясы әйелдер қанатының төрайымы, Астана қаласы мәслихатының депутаты Салтанат Женалаева ұйытқы болды. Пікір алмасу барысында үлгілі-өнегелі әңгімелер айтылды.

«Жиынның басты мақсаты – ана мен қызы арасындағы нәп-нәзік байланысты нығайта түсу, тәтті-дәмділер дайындай жүріп сырласу, баланы виртуалды әлем емес, ата-ана мен қоғам тәрбиелеу керек екенін ұғындыру, мықты маманнан бұрын жақсы адам қалыптастыруға үндеу. Қазіргі қоғамда мұндай жиындар көптеп өтуі керек деп есептеймін. Бала мен ата-ананың арасындағы байланыс мықты болғанда ғана саналы ұрпақ көбейетіні анық» деді технологиялық колледж директоры Ләззат Мұратқызы.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button