Ел тынысы

«Жасай бер, жайна, Астанам» бұқаралық велошеруі өтеді

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен 30 маусым күні Астана күніне орайластырылған «Жасай бер, жайна, Астанам!» атты бұқаралық велошеру өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Велосипедшілер Қосшыға қарай жол бойындағы айналма веложолдан 25 шақырым қашықтықты «Үркер» (Ильинка, «Жасыл белдеу») тұрғын алабының саябағында мәреге жетеді.

Велошеруге қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу сағат 07:00-ден 08:00-ға дейін жалғасады. Басталуы 08:00. Тіркелу тегін.

Шара аяқталғаннан кейін мәреде тіркелген велосипедшілер арасында лотерея және бағалы сыйлықтар ойнатылады.

Әрбір қатысушы веложарысқа өз велосипедімен жіберіледі. Шлемнің болуы міндеттеледі.

Айта кетсек керек, іс-шара спорттық жарыс болып саналмайды. Мерекелік велошеруге қатысуға елорданың барлық тұрғындары мен қонақтары шақырылады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button