Елорда тынысы

«Жасыл ел»: еңбек маусымы ашылды



Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен және Республикалық студенттік құрылыс және жастар жасақтары қозғалысы қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Жасыл ел» студенттік құрылыс және  жастар еңбек жасақтарының XX еңбек маусымының салтанатты ашылуы өтті.

– «Жасыл ел» жобасының жиырмасыншы маусымы аясында 4200 адамды жұмыспен қамтып, оның ішінде көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жәрдемдесеміз. Ең әуелі оларға арнайы униформа беріледі. Одан бөлек 65 мың теңгенің көлемінде сыйақы төленеді. 14 пен 16 жас аралығындағы жасөспірімдер күніне 4 сағаттан өздерінің оқу орындарында мектеп қабырғасында жұмыс істейді. Қазіргі таңда экология мәселесі зор маңызға ие. Жоба  ұраны – «Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі».   Жастар жазғы демалыстарын пайдалана отырып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға үлес қосады, – деді «Жасыл ел» жасағы басшысының орынбасары Асылбек Абдрашид.

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары бағдарламасы республиканың барлық өңірлерінде және Астана қаласы бойынша жүзеге асырыла бастады. Осы жиырма жылдың ішінде Астана қалалық «Жасыл ел» штабы қаламызда елеулі еңбек атқарып, 14 пен 35 жас аралығындағы жұмыссыз жастар мен студенттерді жазғы еңбек маусымында жұмысқа орналастырып келеді.

– «Жасыл ел» жобасының ұйымында болу өте керемет мүмкіндіктер сыйлауда. Оларға алғысымды білдіремін. Осы жобаның арқасында тек жұмыспен қамтылу емес, бір-бірімізге көмектесу арқылы достығымыз нығаюда, елімнің тазалығына  үлесімді қосу мен үшін зор мәртебе, – деді «Жасыл ел» жобасының қатысушысы Даниял Қотқан.

Анель АМАНГЕЛДИЕВА, Л.Гумилев атындағы ұлттық университетінің студенті




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button