Қала мен Сала

«Жасыл» жұмыс орындары қажет

Тұрақты даму тұжырымдамасы – жаһандық ­қауіпсіздік жүйесінің ажырамас бөлігі. Ол тұрақ­ты даму мен ұлттық экономикалық тұрақтылық арасындағы байланысты қамтиды.

Тұрақты дамудың негізгі мақсаты – ұзақмерзімді ­перспективада экономикалық өсуді, әлеуметтік тұрақтылықты, экологиялық тепе-теңдікті қамтамасыз ету. Бұл үйлесімге соңғы кездері Қазақстан мен әлемнің назарын аударып келе жатқан «жасыл экономика» тұжырымдамасы арқылы қол жетті.

Жалпы «жасыл экономикаға» көшу елеулі өзгерістерді қажет етеді. Ол бойынша бюджеттік, салықтық, экологиялық, ғылыми-техникалық саясатта құрылымдық реформаларды жүргізу, теңгерімді, ресурстарды үнемдейтін экологиялық менеджмент саясатын әзірлеу және қабылдау қажет. Мәселен, «жасыл» акциялар мен облигациялар, сондай-ақ эко-технологиялармен байланысты зияткерлік меншікпен сауда жасау нарығын айтуға болады. Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы «жасыл» жұмыс орындарында жұмыс істейтін адамдардың үлесі туралы деректер беріп отырады. Мысалы, Астана қаласы бойынша тек «жасыл» жұмыс орындарына тартылғандардың саны – 5 мыңға жуық. «Жасыл» жұмыс орындары экологиялық таза технологиялармен, өндіріспен, қызмет көрсетумен, табиғи ресурстарды басқарумен және қоршаған ортаны қорғаумен байланысты жұмыс орындары ретінде анықталады. Жалпы, «жасыл экономиканы» одан әрі дамыту ЖІӨ-ні ұлғайтуға және ірі қалалардан басқа 500 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Бұл жаңа өндірістерді қалыптастыруға, сондай-ақ азаматтардың жоғары өмір сүру сапасын қамтамасыз етуге көмектеседі.

Жаңа Қазақ­станның тұрақты дамуы мен өркендеуіне қол жеткізуге бағытталған маңыз­ды бастаманың бірі – «Қазақстан Республикасының 2021 жылдан 2030 жылға де­йінгі «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары». Бұл жоспар – елдің экономикалық моделінің экологиялық тұрақтылық пен ресурстардың тиімділігіне көшу жолын көрсететін жан-жақты құжат. Мұның аясында Қазақстан «жасыл экономика» бағытында айтарлықтай дамуға қол жеткізе алады. Атап айтқанда, 2050 жылға қарай «жасыл экономика» аясындағы трансформация ЖІӨ-ні одан әрі 3 пайызға арттырып, 500 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылуы ықтимал, жаңа өндірістер мен қызметтердің қалыптасуы, барлық жерде халықтың өмір сүру сапасының жоғарылауы, елдің қоршаған ортаға ең аз әсер ететін және табиғи ресурстардың деградациясы бар әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіруі мүмкін. Жалпы «жасыл экономикаға» көшу Қазақстанның тұрақты дамуы мен экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы экономикалық өсу мен өркендеу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Зере АМАНГЕЛЬДИНОВА, Astana IT University студенті

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button