Ел тынысы

Жазда «әйелдер вагондары» бар үш жаңа бағыт ашылады



Бүгінде әйелдерге арналған вагондары бар пойыздар 8 бағыт бойынша жүріп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ұлттық тасымалдаушы компания «Әйелдер тасымалы» жобасын одан әрі дамыту бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізген. Сауалнамаға 600-ден астам респондент қатысқан.

Сауалнама нәтижелері бойынша, биыл жазда тағы үш бағыт бойынша әйелдер вагондарын іске қосу туралы шешім шығарылған. Олар – №354/353 «Астана-Семей»; №24/23 «Ақтөбе-Алматы»; №25/26 «Алматы-Шымкент».

Сондай-ақ, компания өкілдерінің айтуынша, бүгінде әйелдер вагондары бар пойыздар мынадай 8 бағыт бойынша жүреді: №77/78 «Алматы-Маңғыстау»; №351/352 «Алматы-Өскемен»; №45/46 «Павлодар-Түркістан»; №37/38 «Маңғыстау-Семей»; №47/48 «Атырау-Астана»; №33/34 «Ақтөбе-Алматы-1»; №4/3 «Астана-Алматы-2»; №71/72 «Астана-Шымкент».

Ұлттық тасымалдаушының мәліметіне сүйенсек, 2024 жылдың бірінші тоқсанында 70 мыңнан аса әйел «Әйелдер вагондары» қызметін пайдаланған. 2023 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда жолаушылар саны 2 есеге өскен.

Сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің өкілдері жеті жасқа дейінгі ер балаларға әйелдер вагондарында жүруге рұқсат етілгенін еске салды.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button