Ел тынысы

Жазда елорда әуежайы жұмыс регламентін ұзартады

Жазда елорда әуежайы жолаушылардың ыңғайы үшін жұмыс регламентін ұзартады, деп хабарлайыды astana-akshamy.kz. 

Авиатасымалдаушылар тарапының өтінішіне сәйкес әуежай жұмысына жауапты компанияның техникалық мамандары әуеайлақтағы жөндеу жұмыстары процесін оңтайландыруда.

Жазда әуе тасымалдары жоғары сұранысқа ие. Сондықтан биылғы 14 маусымнан бастап жолаушылардың ыңғайы үшін әуежай жұмысының регламенті күнделікті технологиялық үзіліспен (23:00-ден 00:30-ға дейін) ұзартылады.

Жұмыс жүргізу уақытында әуежай ұшу-қону жолағының жұмысын қамтамасыз етеді, жөндеу жұмыстары кейіннен ұшу-қону жолағына ауыса отырып, әуеайлақ жабындарының басқа учаскелерінде (магистральдық такси жолы, такси жолдары, перрон) жүзеге асырылады.

Қазір магистральдық такси жолында жұмыстар жүргізілуде. Бұл әуежайдың жұмысына кедергі келтірмейді.

Авиатасымалдарға сұранысты қанағаттандыру мақсатында авиакомпаниялар ішкі тасымалдаулар бойынша кестені жедел қайта қарайды
және жоғары сұранысқа ие бағыттар бойынша қосымша рейстерді қамтамасыз етеді.

Осыған байланысты, жолаушыларды авиакомпаниялардың ресми сайттары арқылы рейстер мен билеттерге сәйкес ақпаратты тексеруге шақырады

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button