Ел тынысы

Жеңіс батырларының құрметіне ABYROI RUN жарысы өткізіледі



Астанада 26 мамыр күні Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс батырларын еске алуға арналған ABYROI RUN-2024 дәстүрлі жарысы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жарыс 5 және 10 шақырым қашықтықта өткізіледі.

Старт 26 мамыр күні таңғы сағат 7:30-да елордалық Триатлон саябағында өтеді.

Биылғы жарыс КСРО Батыры, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің және Рейхстагтың Жеңіс туын көтерген алғашқы кеңес жауынгерлерінің бірі, Халық Қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған.

Қатысушыларға футболка мен финишер медалі кіретін Стартер жиынтығы беріледі.

Қатысқысы келетіндер сілтеме бойынша тіркеуден өтуі керек https://globalsport.kz/abyroirun.

Сондай-ақ кез келген адам Жеңіс батырларына құрмет көрсете алады және 2 км қашықтықта «Құрмет шеңберіне» жүгіре алады.

Басталуы: сағат 10:00.

Ұйымдастырушылар сонымен қатар ұлттық спорт ойындарын, мерекелік концерт, байқаулар мен балалар аниматорларының нөмірлерін әзірлейді.

Фестивальді Астана әкімдігінің, ҚР Қорғаныс министрлігінің, ҚР Ұлттық Ұланының, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырады.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button