Ел тынысы

Жиырмадан астам рейс кешігуде



Астана мен Алматы әуежайларында ауа райының қолайсыздығына байланысты көптеген рейстер кешігуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Алматы әуежайында ұшу және ұшып келу бойынша 25 рейс кешіктірілген болса, Астана әуежайына 21 рейс кешігуде, ал бір рейс – КС 994 Астана-Алматы рейсі мүлдем алынып тасталды.

«Ауа райының қолайсыз жағдайларына байланысты Алматыдан ұшып шығу рейстері кешіктірілуде. Жолаушылардан сайттағы рейстің мәртебесін тексеріп отыруды сұраймыз. Билетті қайтару немесе қайта брондау мәселесі бойынша сатып алған жерлеріңізге хабарласыңыздар», – делінген Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметінің хабарламасында.
Астанада келесі рейстер кешіктірілуде:
КС 207 Астана-Дубай; DV 747 Астана-Павлодар; КС 345 Астана-Өскемен; КС 642 Астана-Алматы; КС 854 Астана-Алматы; DV 755 Астана-Тараз; DV 752 Жезқазған-Астана; DV 728 Ақтөбе-Астана; КС 621 Алматы-Астана; КС 7053 Алматы-Астана; DV 756 Тараз-Астана; КС 320 Орал-Астана; КС 641 Алматы-Астана; КС 853 Алматы-Астана; IQ 400 Ақтөбе-Астана; IQ 430 Талдықорған-Астана; IQ 354 Алматы-Астана; IQ 414 Өскемен-Астана; КС 7316 Қызылорда-Астана; DV 748 Павлодар-Астана; КС 346 Өскемен-Астана.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button