Ел тынысы

Жолаушылар вагондары интернетке қосылмақ



Пойызбен жолға шыққанда елді мекендерден алыс телімдерде интернет байланысы болмай қалатыны белгілі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Енді осы мәселе биыл шешілуі мүмкін.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма Төрағасы Жәнібек Тайжанов кешегі өткен дәстүрлі брифингте қазақстандықтардың пойыздарда байланыстың жоқтығы туралы шағымдарына жауап берді.
«Starlink және OneWeb жүйесі бойынша ЦДИАӨМ-мен бірлесіп пойыздарда интернет орнатуға жоспарланып отыр. Қазір біз өз өтінішімізді тапсырып, министрліктен растауды күтіп отырмыз», – деді ол.
Ол жоспарланған мерзімдерді де атады. «Жыл соңына дейін біз пилоттық режимде іске қосамыз деп ойлаймын», – деп түйіндеді спикер.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button