Ел тынысы

Жүріп бара жатқан көліктен оқ атылды



Астанада жүріп бара жатқан көліктен оқ атқандар ұсталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Мұндай видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Онда байқағанымыздай оқиға Астанада 21 мамыр қарсаңында «Думан» қонақ үйінің жанындағы «Салта» тұрағында болған.

 

Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі көлік жүргізушісін тапқанын хабарлады.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс–шараларының нәтижесінде ауаға оқ атқан Kia маркалы автокөліктің жүргізушісін анықтап, ұстады, – делінген хабарламада.

Одан «Glock» маркалы тапанша тәркіленді, сараптама тағайындалды. Бұл факт бойынша қылмыстық іс тіркелген. Тергеу жүргізіліп жатыр.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button