Ел тынысы

«Жұлдызай» балалар шығармашылығы фестивалі өтті

Астана қаласында XIX республикалық «Жұлдызай» балалар шығармашылығы фестивалі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған фестиваль Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Байқауға еліміздің әр өңірінен 6 мыңнан астам бала қатысты. Оның ішінде 250 бала вокал, хореография, аспаптық орындау және ым-ишарамен ән орындау номинациялары бойынша лауреат атанды.

Фестивальдің ашылуына қатысқан оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан бұл байқаудың еліміздің түкпір-түкпіріндегі таланатты балаларды біріктіретін маңызды шара екенін атап өтті.

«Жұлдызай» XIX республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің қатысушыларын құрметпен қарсы алуға рұқсат етіңіздер. Осы жылдар ішінде фестиваль ел аумағында қанат жайып, республикалық деңгейге дейін өсті. Ол еліміздің өңірлеріндегі талантты, дарынды балалардың басын қосты. Әсіресе, балаларымыздың шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлес қосып жүрген «BI Juldyzai» корпоративті қорына ерекше алғысымды білдіремін», – деді вице-министр.

Фестиваль концерттік бағдарламамен жалғасты. Концерттің қонағы ретінде қазақстандық өнер иелері Жұбаныш Жексен, Балжан Бидаш, Рухия Байдукенова, Расул Жармағамбетов, Назым Сағынтай және Қайрат Мырзахан өнер көрсетті.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button