Қоғам

Журналист – жарқын істер жаршысы

Астана қаласы әкімдігінің Есіл ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының «Сыр сандық» танымдық еріктілер клубы Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай «Журналист – жарқын істер жаршысы» – ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында ардагер журналистер мен бірқатар БАҚ қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды.

Қонақтардың арасында ардагер журналистермен қатар Қазақ радиосы, «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана»  республикалық газеттердің, «Bag.kz» ақпарат агенттігінің, «Qazaqstan» ұлттық арнасының қызметкерлері болды. Журналистерді қалалық Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры Мұхтар Еркетаев кәсіби мерекелерімен құттықтап, ізгі лебізін жеткізді.

Журналистерге маман­дығына қатысты түрлі сұрақтар қойылды. «Ұлы дала қырандары» республикалық әлеуметтік-мәдени қозғалысы төрағасының орынбасары, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Бейбітбек Әбдікәрімов журналистикаға келген жолы туралы айтып берді. «Астана ақшамы» газетінің шолушысы Айгүл Уайс бас қала басылымының тарихы мен бағытымен таныстырды. Басылымымыз туралы зейнеткер ұстаз Сұлушаш Құлмалиева жылы пікірін білдіріп, осы газет үнемі өзекті мәселелерді көтеретінін айтып, бас редактордың орынбасары Ғалым Қожабеков пен шеф-редактор Төлен Тілеубайдың есімдерін ерекше атап өтті.

«Асыл мұра» домбырашылар ансамблі, «Есіл толқындары» халықтық ардагерлер ансамблі, «Сағыныш сазы» ұлттық вокалдық ансамблінің әншісі Салтанат Шамина күмбірлеген күйлер мен әсем әндермен қонақтардың көңілін көтерді. Орталық атынан ардагер журналистер мен БАҚ қызметкерлеріне алғыс хаттар, естелік сыйлықтар тапсырылды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button