Ел тынысы

Жыл басынан мопедтер қатысқан 90 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Жыл басынан бері елордада мопед жүргізушілерінің қатысуымен 90 жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Бұл дегеніміз, екі аптада бір ЖКО болып тұрады деген сөз. Сол себепті тәртіп сақшылары бұл санаттағы жүргізушілерді ұдайы назарында ұстап отыр.
Астана қаласының полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында тұрақты негізде мопедтер мен мотороллерлерді қауіпсіз жүргізу, олардың жол қозғалысы ережелері талаптарын сақтауы бойынша профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Жаз мезгілі басталысымен елорда жолдарында аталған көліктерді басқарып, жол ережесін өрескел бұзып, жол-көлік оқиғасына жиі ұшырайтын жүргізушілер кездесіп жатады. Мәселен “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында бір тәулікте жол ережесін бұзғандар үшін коммуналдық тұраққа 92 мопед қойылған.
Жыл басынан мопед жүргізушілерінің қатысуымен 90 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 22 адам әртүрлі ауырлықтағы дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізіліп, алған жарақаттан 1 адам қайтыс болған. Сондай-ақ электроскутер жүргізушілерінің қатысуымен 9 жол-көлік оқиғасы тіркелген.
Естеріңізге сала кетейік, елордада 20-30 маусым аралығында қоғамдық тәртіпті тиісті деңгейде сақтау мақсатында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button