Мәселе

«Жыр падишасы – Фариза»



Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың туған күніне орай Астана қаласындағы оның атындағы №77 мектеп-гимназиясында мектепішілік «Патша сөздің – Фаризасы» атты конференция және «Жыр падишасы – Фариза» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Мектеп әкімшілігінің арнайы шақыруымен Фариза апайдың шығармашылығын зерттеп, диссертация қорғағандықтан, аталған іс-шараға және байқаудағы қазылар алқасының жұмысына қатыстым.

Конференция мектеп гимніне айналған «Фариза» әнімен ашылды. Іс-шара 2 бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдер ақынның шығармашылығы туралы әр тақырыптарда баяндамалар жасаса, екінші бөлімде 4-8 сынып оқушылары «Жыр падишасы – Фариза» атты мәнерлеп оқу сайысы бойынша ақынның жырларын жатқа оқыды. Бұл конференцияда мектептің дарынды оқушылары, сондай-ақ әрдайым даму үстінде жүретін, ізденімпаз мамандар, яғни мұғалімдер мазмұнды да қызықты баяндамалар жасады.

Іс-шараның екінші бөлімінде мектеп оқушылары мен оқытушылары ақынның отты жырларын мәнерлеп оқыды. «Жыр падишасы – Фариза» деп аталатын ақынның өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу сайысына 4-8 сынып оқушыларымен қатар, мектеп мұғалімдері де қатысуды жөн санапты.

Зал тола отырған мектеп оқушылары Фариза Оңғарсынова өлеңдерін тыңдап, рухтанып, ерекше әсерге бөленді. Барлық мектеп ұжымының кешті ұйымдастыруға күш салып, бір кісідей жұмылғаны анық көрініп тұрды.

Гүлсім Еңсепова,

дипломат,  филология ғылымдарының

кандидаты




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button