Құқық

Зияны талқыланды

Астана құрылыс-техника колледжінің студенттеріне есірткінің зияны туралы түсіндірме-профилактикалық дәріс өткізді. 

Дүниежүзілік нашақорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылған айлық аясындағы кездесу жастардың есірткінің зияны туралы хабардарлығын арттыру және нашақорлықтың алдын алу шараларын нығайту мақсатында өтті. №11 қалалық емхана жанындағы «Дауа» жастар денсаулық орталығының үйлестірушісі Мәдина Алғазина студенттерге есірткінің зияны туралы айтып берді. Ол жастар арасындағы нашақорлық мәселесін егжей-тегжейлі баяндап, елдегі нашақорлықтың қазіргі деңгейі туралы статистика дерегін ұсынды.

Сонымен қатар студенттермен бірге жасөспірімдер арасындағы қылмыс мәселелері және кәмелетке толмағандар арасындағы есірткіге тәуелділіктің дамуына ықпал ететін факторлар талқыланды. І курс студенті Андрей Ильин мұндай іс-шараларды өткізу студенттерге есірткіні қолданумен байланысты барлық қауіп пен салдарын жақсы түсінуге көмектесетінін атап өтті.

«Әрқайсымыз есірткі тек жаман әдет емес, өмір мен болашаққа үлкен қауіп төндіретінін түсінуіміз маңызды. Бір-бірімізді қолдап, небір-небір азғыруға берілмеуіміз керек, бұдан уланудың салдарынан денсаулық, өз өміріміз және отбасымыз бұзылады. Біздің ортақ күш-жігеріміз әлемді сәл жақсырақ және қауіпсіз етуге көмектеседі деп үміттенемін» деді студент. Іс-шараның Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.

Тағыда

Төлен Тілеубай

«Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button