Денсаулық

Астаналық дәрігерлерге алғыс айтты



Елордадағы №2 қалалық балалар ауруханасында аналық бездің безді тінінің қатерсіз ісігі бар 16 жастағы Семейден келген науқасқа сирек кездесетін операция жасалды.

Осы жылдың сәуір айында анасы баласының іші үлкейе бастағанын байқайды. Көптеген кисталардан тұратын көлемді масса оның ішін ісіріп жіберген. Бүкіл іш қуысына тараған ісіктен айналасындағылар қыз балаға күмәнмен қарай бастайды.

Көптеген зерттеулер нәтижесінде науқас Астанадағы №2 қалалық балалар ауруханасына шұғыл жатқызылды. Онда ауырсыну синдромы, гемоглобиннің төмендеуі, орташа ауырлық жағдайы болды. Жақында қызға лапароскопиялық операция жасалды. Дәрігерлердің мәлімдеуінше, ота сәтті өтті және ота кезінде қыздың бойынан 8 литрден астам сұйықтық алынып, сыртқа шығарылды.

Ісік оң жақ аналық безден шыққан. Оң жақ аналық бездің тіндері өзгергендіктен, дәрігерлер баланың денсаулығына қауіп төндірмеуге шешім қабылдады және оң жақ аналық безді түтікпен алып тастады.

Хирург, жоспарлы хирургия бөлімінің меңгерушісі Азамат Оразалиновтың айтуынша, дәрігерлер өте күрделі операция жасаған.

«Қыздың репродуктивті функциясы зардап шеккен жоқ, өйткені екінші аналық без өміршеңдігін жоймады. Үш рет укол салу және 3 см кесу өте мұқият жасалды. Қазір қыз бала өз қаласында гинекологтың бақылауында» деді А.Оразалинов.

Науқастың анасы қызына сәтті операция жасағаны үшін елордалық дәрігерлерге алғыс айтты.

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button