Елорда тынысы

Басым бағыттар талқыланды



Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ­С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетімен бірлесе отырып, Президент Жолдауын талқылау бойынша кездесу өткізді.

Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің төрағасы, белгілі заңгер Ирак Елекеевтің айтуынша, Жолдау аясында экономиканың ілгерілуіне нақты қадамдар жасалуда.

«Жер – халықтың мүддесі. Оның қойнауындағы байлық ел игіліне жұмсалатыны – үлкен мәселе. Мемлекет басшысы бұл сұраққа өз Жолдауында нақты жауап берді. Яғни, Ұлттық қордан жыл сайынғы инвестициялық кірісінің 50 пайызы балалардың есепшотына аударылады. Экономистердің болжамынша, бұл 3-3,5 мың долларды құрайды, – деді ол.

Астана қаласы мәслихатының депутаты Ләззат ­Разбекова-Төлеуханова Мемлекет басшысының Жолдауы негізінен, әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталғанын атап өтті.

– Әйелдердің зейнет жасын 61 жасқа дейін төмендеуі – негізгі әлеуметтік мәселелердің шешілгенінің бір айғағы. Сондай-ақ қазіргі таңда ­ЖОО-ның бітірген тәрбиешілердің жалақысы 100 мың теңгені құрап отыр. Жолдау аясында алдағы уақытта балабақша тәрбиешілерінің жалақысын арттыру көзделіп отырғаны қуантады, – деді мәслихат депутаты.

«Жолдау – саяси күн тәртібін қалыптастыру құралы ретінде» тақырыбындағы талқылауға С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Галина Алпысбаева, оқу орнының ұстаздары мен бір топ студент қатысты.


Тағыда

Индира Бержанова

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button