Басты ақпаратМәдениет

Боранда адасқан бұла өмір



Астанада режиссер Сәбит Құрманбековтің «Боран» драмалық көркем фильмінің тұсаукесері өтті.

Өмірде болған оқиға негізінде жазылған бұл көркем фильмде өткен ғасырдың 80-жылдары суреттеледі. Кеңес заманында жас жігіт шұғыл көрші ауылға аттанады. Боранды күні адасып кеткен жас жігіт Қытай шекарасынан өтіп кеткенін байқамай қалады. Сол сәттен бастап тағдыр тәлкегіне ұшырап, қиын сәттерді бастан кешеді. Абайсызда жасаған «қылмысы» үшін сол заманда кеңес түрмесінде кемінде 5 жыл отыруы мүмкін болса, Қытайда тіпті ату жазасы күтіп тұр еді. Оған Қытайдағы қазақ отбасы көмек қолын созады.

Сценарий авторы және продюсері Ербол Бораншының айтуынша, фильмнің мақсаты – қайда жүрсе де, қазақтың қаны бір екенін және ізгілікте шекара болмайтынын көрсету.

«Бұл жобаны Сәбит Құрманбеков ағамызбен бірге 2015 жылдан бастап қолға алдық. Біз осы шығарма арқылы қазақтың қайда жүрсе де, жүрегі елім, жерім, ұлтым деп соғатынын аңғартуға тырыстық. Сондай-ақ адамгершілікті, бауырмалдықты ешқандай шекара бөле алмайтындығын айтқымыз келді» дейді Ербол Бораншы.

Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Боран» студиясында түсірілген бұл фильм Қазақстанның барлық кинотеатрында қойылып жатыр.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button