Ел тынысы

Ерлік ұмытылмайды



Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі ­Ерлан Қарин мен Астана қалалық мәслихатының төрағасы ­Ерлан Каналимов Рахымжан Қошқарбаев ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысып, Жеңіс күнін жақындатқан жауынгерлердің рухына тағзым етті.

«Рақымжан Қошқарбаев 1945 жылдың 30 сәуірінде Рейхстагқа шабуыл кезінде ерлік танытты, өзінің әріптесі Григорий Булатовпен өмірін тәуекелге тігіп, Рейхстагтың кіреберісіне алғашқы болып Жеңіс туын тікті. Аңызға айналған бұл ерлігін небәрі 21 жасында жасаған. Оның есімі мен қайтпас қайсарлығы – жас буынға өнеге. «Халық қаһарманы» атағы Р.Қошқарбаевқа 2001 жылы берілді» деп жазды қазақтың батыр ұлы туралы Е.Каналимов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button