Елорда тынысы

Жастардың жобаларын қолдайды



Елордамыздың депутаттық корпусы жастардың қаланы дамытуға бағытталған әлеуметтік жобаларын қолдайды. Бұл туралы астаналық жастар өкілдерімен кездесуден кейін Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов мәлім етті.

«Елордалық жастар өкілдерімен қызықты кездесу өткіздік. Шығармашылық идеяларды қолдау, нашақорлыққа қарсы күрес, бұқаралық спортты, сондай-ақ жастар кәсіпкерлігін дамыту туралы мәселелер қозғалды. Осындай кездесулерді дәстүрлі негізде өткізуге келістік. Жақын арада елорданың жас тұрғындарын қолдауды көздейтін бірлескен жоспар дайындалады» деп жазды Е.Каналимов әлеуметтік желідегі парақшасында


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button