Ел тынысы

Майдангерлерді еске алды



Елордада Екінші дүниежүзілік соғыста қайтыс болған жауынгерлердің қабіріне «Даңқ гирляндалары» мен гүл себеттерін қою рәсімі болды.

– 9 мамыр – жанқиярлықпен ел қорғаған аталарымыз бен әкелеріміздің, әжелеріміз бен аналарымыздың рухына тағзым ететін күн, осыдан 78 жыл бұрын қанды майдан аяқталып, жеңіс туралы жаңалық келген күн. Елдің азаттығы мен ұрпақтың жарқын болашағы үшін жанын пида еткен боз­дақтарымызды мәңгі есімізде сақтау – қасиетті борышымыз, – деді Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Медет Жалпыбаев.

Іс-шарада тыл еңбеккерлері мен ауған соғысының ардагерлері гүл шоқтарын қойып, қаза болғандарды еске алды.

«Шейх Кунта қажы» меші­тінің имамы Данияр Байдуллаев құран оқып, Орыс православ шіркеуінің діни қызметкері, архимандрит Иоасаф алғыс сөзін, құттықтауын айтып, денсаулық, бейбітшілік пен жақсылық тіледі.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button