Елорда тынысы

Пригородныйдың түйткілдері шешіледі



Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Есіл ауданындағы Пригородный елді мекенінің тұрғындарымен кездесті. Жиында тұрғындар тарапынан тасжолдар, аулалар мен қоғамдық кеңістіктер салу, апатты және ескі тұрғын үйлерді бұзу, газ құбырын тарту, әлеуметтік нысандардың құрылысын жүргізу сияқты мәселелерді көтеріп, әкімнен жауабын күтті.

«Аудандар мен елді мекендердің тұрғындарымен тұрақты кездесіп тұрамын. Жақында Пригородный елді мекенінің тұрғындарымен кездестім. Өткен кездесудің қорытындысы бойынша біз «Жол картасын» жасаған едік, онда 30-дан аса түрлі мәселе қарастырылды. Бүгінгі кездесуде осы мәселелерге жан-жақты шолу жасалды: 19 мәселе шешілді, тағы 12-сін шешу жұмысы жүріп жатыр» деп жазды әкім әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қала басшысы 2024-2025 жылдары ұлттық жоба аясында елордада 24 жайлы мектеп салынатынын мәлімдеді. Оның 15-і Есіл және Нұра аудандарында орналасады, сол сияқ­ты жаңа форматтағы мектеп Пригородный елді мекенінде де болады.

«Сонымен қатар кездесу барысында тұрғындар бассейн мәселесін көтерді. Қалада бассейнге деген қажеттілік бар. Алдағы 3 жылда, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 15 оқушылар сарайын салуды жоспарлап отырмыз. Олардың бірі Пригородный елді мекенінде орналасады, тиісінше, онда бассейн де болады» деп түсіндірді Ж.Қасымбек.

Елді мекендердегі өзекті мәселелердің бірі – апатты жағдайдағы тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу. Әкім 2024 жылы мұндай үйлерден тағы 700 тұрғынды көшіру жоспарланғанын жеткізді.

«Бүгінгі тұрғындармен кездесуден кейін ең алдымен қандай мәселелерді шешуіміз керек екенін анықтаймыз» деп түйіндеді сөзін қала басшысы.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button