Тұрғындармен кездесті
Алматы ауданының әкімі Мақсат Саматұлы аудан тұрғындарымен кездесуін жалғастыруда.
Аудан әкімі алдымен Күйші Дина көшесі, 25/1 мекенжайына барды. Үйдің тұрғындары осы маңдағы ойын алаңының астынан өтетін жылу трассасын ауыстыруды алға тартты. Бұл ретте аудан әкімі коммуникацияларды балаларға қолайсыздық туғызбайтындай етіп орналастыруға және жобаны кезең-кезеңімен реттеуге болатынын тексеретінін атап өтті.
Одан кейін аудан әкімі жауапты тұлғалармен бірге Қаныш Сәтбаев, 11/5 және Қайрат Рысқұлбеков, 16/3 көшелеріндегі жол учаскелерінде су бұру жүйелерінің жай-күйін тексерді. 2023 жылы ауданда барлығы 53 учаскеде нөсер су кәрізін салу жоспарлануда.
Кездесу соңында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Жамбыл Жабаев көшесі, 12/2 мекенжайындағы аула тексерілді. Онда тротуарлар жабдықталып, ойын алаңдары салынды, алдыңғы бақтар қоршалып, жарықтандыру жұмысы іске қосылды.
Алдағы күндері балалар ойын кешендері мен көше тренажерлері орнатылады деп күтілуде.