Қала мен Сала

«Цифрлық нотариат» – қанатқақты жоба



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында «eGovMobile» мобильді қосымшасының базасында мемлекет халықпен және бизнеспен өзара іс-қимыл жасауы үшін тиісті цифрлық инфрақұрылым құру керегін айтқан болатын. Осыған орай, Әділет, Цифрлық даму, Инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері рес­публикалық нотариаттық палатамен бірлесіп «Цифрлық нотариат» жобасын іске қосты.

Бұрын сенімхатты ресімдеу үшін құжатқа қол қою және нотариус куәландыру үшін клиенттің жеке қатысуы талап етілсе, енді тұрғындар нотариаттық сенімхаттарды «eGov Mobile» арқылы онлайн форматта рәсімдей алады. Ол үшін алдымен «eGov Mobile» қосымшасына кіріп, өтінімді толтырасыз. ЭЦҚ көмегімен қол қойғаннан кейін жеке басын растау үшін қосымшаның көмегімен нотариус­қа бейнеқоңырау шалып, белгіленген тариф бойынша нотариустың қызметіне ақы төлесеңіз болды. Төлем жасалғаннан кейін «Цифрлық құжаттар» бөлімінен дайын цифрлық сенімхатты алуға болады. Тіпті көлік жүргізу куәлігін де үйден шықпай-ақ жаңартып, дайын болғанда алып кетуге болады. Алдағы уақытта адам өмірін жеңіл­детуге арналған жобалар жалғаса бермек.


Тағыда

Гүлбаршын Өкешқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button