Елорда тынысы

Шахматшыларға қошемет



Бас қала әкімі Жеңіс Қасымбек шахматтан әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған астаналық спортшыларға сертификат табыстады.

Польшада шахматтан өткен әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы тәуелсіз еліміздің тарихында тұңғыш рет күміс жүлдегер атанды. Спортшылар арасында елорда тұрғындары да бар. Олар – Меруерт Камалиденова мен Амина Қайырбекова.

«Жаттықтырушыларға, спортшыларға және олардың ата-анасына алғысымды білдіремін. Бұл шыңды бағындыру жаңа биіктерді бағындырудың бастамасы екеніне сенімдімін. Біз өз тарапымыздан спортшыларымызға, оның ішінде балалар мен жасөспірімдер мектептері мен федерацияларға қолдау көрсетуді әрі қарай жалғастырамыз» деді елорда әкімі.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button