Білім

Үйдегідей сезінеді



Елордада мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсететін орталық ашылды. Орталық 1,5 мен 18 жас аралығындағы балалар мен жастарды қабылдайды.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік қызметтер көрсететін орталық «Ақ ниет» үйі деп аталады. Мұнда жартылай стационар жағдайында жұмыс істейтін орталыққа тірек-қозғалыс аппараты бұзылған, психоневротикалық аурулары бар балаларға қызмет көрсетеді. Орталық бір жарым жастан бастап он сегіз жасқа дейінгі жеткіншектерді қабылдайды.

Бұл жобаны іске асыруда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы бастамашылар тобы жұмыс істеді. Ал жобаны орындаушы – «Ортопрот» ЖШС.

– Елімізде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін сыйымдылығы шағын үйлер құру жөніндегі пилоттық жоба басталды. Солардың бірі – «Ақ ниет» үйі. Бұл орталық 30 балаға шақталған. Ал оларға 12-ден аса маман қыз­мет көрсетеді, – деді «Ортопрот» фирмасының басшысы Айгүл Хамиева.

Сондай-ақ фирма басшысы қоғамда осы дертпен ауыратын адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға жәрдемдесу қажеттігіне назар аудару керек дейді.

«Сыйымдылығы шағын үйде балаларға барлық жағдай жасалған.  Мұнда олар өздерін үйдегідей сезініп жүр. Бастысы қажетті көмектің барлығы қарас­тырылған. Мекеменің жоғары білікті мамандарына алғыс айтамын» деп өз әсерімен бөлісті ата-ана.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button